русский язык
Басқа

Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды, Карими - күміс жүлдегер

Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды, Карими - күміс жүлдегер
news-banner7
mobile-news-top

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия біріншілігінде қазақстандық Нариман Курбанов чемпион атанды, деп жазады Olympic.kz.

Курбанов гимнастикалық ат снарядында үздік шықты. Ол аталған жаттығуда 15.600 ұпай жинап, алтын медаль иеленді.

Күміс жүлдені өзбекстандық Абдулла Азимов (14.633), қоланы иорданиялық Әбу әл-Сауд Ахмад еншіледі.

Ал Милад Карими болса, еркін жаттығудан күміс медаль жеңіп алды. Бұл Миладтың Ташкент төріндегі екінші күмісі. Бұған дейін ол көпсайыста үздіктер қатарынан көрінген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;