русский язык
Бокс

Ангелина Лукас келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Ангелина Лукас келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

26 жастағы қазақстандық боксшы Ангелина Лукас әлеуметтік желідегі парақшасында келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Келесі жекпе-жегім 30 мамырда өтеді. Мен және менің командам жекпе-жекке келісімін беретін келесі қарсыласты күтіп отырмыз. Жақында карьерамдағы 11-жекпе-жегімді өткіземін» - деп жазды Лукас Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, 25 сәуірде қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Бангкоктегі (Таиланд) бокс кешінде жекпе-жек өткізген еді.

Рингте қазақстандық спортшы Үндістан өкілі Мамты Сингхпен (5-2, 2 КО) кездесті. Жекпе-жек 5 раудқа созылды. Төреші кездесуді уақытынан бұрын аяқтап, қазақстандық боксшыға техникалық нокаут тіркелді.

Осылайша қазақстандық ару кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізп, WIBF және WBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеудің иегері атанған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Angelina Lukas (@angelina_lukas1997)


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;