русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшы халықаралық турнирде әлем чемпионынан жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы халықаралық турнирде әлем чемпионынан жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы Жазира Орақбаева Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің финалдық кездесуінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

52 келіге дейінгі салмақтағы шешуші кездесуде Жазира екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының жүлдегері атақты үндістандық Нихат Заринмен кездесіп, төрешілер шешімімен үндістандық боксшы жеңіске жетті.
Нихат Зарин алтын медаль алса, Орақбаева күміске қол жеткізді.

Айта кетейік, Жазира Орақбаева 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;