OCTAGON 58 турнирінде ауыр салмақтағы жекпе-жектің жеңімпазы мерзімінен бұрын анықталды
![OCTAGON 58 турнирінде ауыр салмақтағы жекпе-жектің жеңімпазы мерзімінен бұрын анықталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/472_4b857ad3772a93d7a1ef97683d8f09f1.jpg?v=28663974)
Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 58 турнирі аясында ауыр салмақта жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ирандық Акбар Бехкияпур (3-1) түркиялық файтер Буграхан Алпарсланмен (10-5) кездесті.
Бірінші раундта ирандық спортшы басым болды. Екінші бес минуттық кезеңде қарсыластар тартысты жекпе-жек өткізді. Бірақ біраз уақыттан кейін түркиялық файтер жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастырмауға шешім қабылдады.
Айта кетейік, басты кардта Камиль Карате өнер көрсетеді, ол қазақстандық поп-ММА файтері Нұржан Шудабаевпен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта ресейлік Ричард Тотров (12-7) мен Хамзат Чапанов (13-3) арасында реванш өтеді.