Бірінші лига 7-тур ойындарының нәтижелері
![Бірінші лига 7-тур ойындарының нәтижелері](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/472_d03aec75439a084d6ddd1f0b1aa8e5c4.jpeg?v=28669526)
Бүгін Қазақстан Бірінші лигасының 7-туры аясында ойындар өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Хан Тенгри» өз алаңында «Түркістан» командасын 4:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, жеңімпаздар қатарында Марат Шахметов, Павел Кривенцев, Диас Тулеу және Хамза Мұхаметәлі голдың авторы атанды.
«Тараз» өз алаңында «Ұлытауды» қабылдап, қонақтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар сапында Әділет Омарбек пен Бауыржан Тұрысбек гол соқты.
«Қайсар Жастар» сырт алаңда «Каспийге» есе жіберді.
Матч 3:1 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, жеңімпаздар қатарында Самат Сәрсенов, Бақдәулет Көңлімқос және Қасымжан Таипов голдың авторы атанды.