русский язык
Бокс

Али Ахмедовтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Али Ахмедовтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедовтың (20-1, 15 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

BoxRec.com хабарлауынша, Ахмедов рингке келесі аптада оралады, жекпе-жек 23 мамырда Детройтта (Мичиган, АҚШ) өтеді. Қарсыласы Никарагуа тумасы, Коста-Риканың атынан шығатын Энкарнасион Диас (18-4, 11 КО). Екінші орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Али Ахмедов таяуда ғана 27 сәуірде Алматыдағы «IBA чемпиондары түнінде» өнер көрсетіп, венесуэлалық Карлос Ривероны (26-4-1, 15 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Али қазір АҚШ-та жекпе-жекке дайындалып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;