Әлем чемпионаты: Қазақстан - Швеция матчының тікелей трансляциясы
![Әлем чемпионаты: Қазақстан - Швеция матчының тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/201736_346c703f2309b82319fdf6bc0415055e.webp?v=28686452)
Бүгін, 16 мамырда Қазақстан құрамасы 2024 жылы Чехияда өтетін хоккейден әлем чемпионатында Швеция құрамасымен ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Швеция - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:20-да басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Айта кетейік, Ғалым Мамбеталиев шәкірттері кейінгі ойында Латвия құрамасынан 0:2 есебімен ұтылып қалған болатын