Қазақстандық теннисшілер Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты
![Қазақстандық теннисшілер Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/201736_1da0a5500fbbd9e302666ada4579eb6c.webp?v=28670933)
Қазақстандық теннисшілер Бейбіт Жұқаев пен Дмитрий Попко Оэйрашта (Португалия) өтіп жатқан халықаралық турнирдің жұптық сынның ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші раундттық кездесуде Жуқаев/Попко жұбы Д.Вале (Португалия)/Т.Перейра (Португалия) жұбын 6:3, 2:6, 11:9 есебімен ұтты.
Кездесу 1 сағат 10 минутқа созылды.
Турнирдің ширек финалында қазақстандық жұп А.Кадхе (Үндістан) / А.Сандрасекар (Үндістан) жұбымен кездеседі.