Мбаппе мен ПСЖ басшысы төбелесіп қалғаны рас па?
![Мбаппе мен ПСЖ басшысы төбелесіп қалғаны рас па?](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/472_9deebeeedc7076802e11bd07a8864f25.jpg?v=28663960)
Франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе ПСЖ президенті Нассер Әл-Хелаифимен төбелесіп қалды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Le Parisien мәліметінше, бұл оқиға жексенбіде «Парк де Пренс» стадионында «Тулузаға» (1:3) қарсы матч алдында болған.
Париждік клубтың басшысы Мбаппеге қоштасу видеосында неге алғыс айтпағанын сұрап, ашуланған. Олар бір-біріне қол көтергені де айтылады.
Бірақ журналист Бен Джейкобстың ақпараты бойынша, Әл-Хелаифи мен Мбаппе ойын алдында кездескен. Бірақ олардың арасында ешқандай жанжал шықпаған. Олар форвардтың маусым соңында клубтан кететіні туралы ғана әңгімелескен.