Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті
![Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/203991_7be1860e9d1d9fbe5c2f1265c0cb6846.webp?v=28667763)
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Португалияның Оэйрас қаласында балшықтан жасалған Челленджердің жекелей турнирінде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан спортшысы литвалық теннисші Вилиус Гайбаспен кездесіп, екі сетте 6:2, 6:3 жалпы есебімен жеңіске жетті. Кездесу турнирдің соңғы іріктеу кезеңінде өтіп, бір сағат 34 минутқа созылды.
Айта кетейік, 27 жастағы қазақстандық спортшы қазір ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) жекелей рейтингінде 223-ші орында, ал литвалық теннисші 285-ші орында.