русский язык

Исламбек Қуат «Қайсарға» қарсы матчқа қатыспайды

Исламбек Қуат «Қайсарға» қарсы матчқа қатыспайды

«Астананың» 31 жастағы жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат алдағы сегізінші турда «Қайсарға» қарсы ойынға шықпайды.

Жетінші турда «Ақтөбемен» (1:1) өткен матчта Исламбек Қуат Леонель Струмияға қарсы ереже бұзғаны үшін алаңнан қуылды. Алдағы «Қайсарға» қарсы матчты футболшы көрермен ретінде тамашалайды.

Исламбек Қуат биылғы чемпионатта барлығы 6 матч өткізіп, 1 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;