русский язык
Единоборства

Стамбулдағы турнир: Рахат Қалжан ширек финалға шықты, Нұрғожа Қайпанов іріктеуде жеңілді

Стамбулдағы турнир: Рахат Қалжан ширек финалға шықты, Нұрғожа Қайпанов іріктеуде жеңілді

Түркияның Стамбул қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Нұрғожа Қайпанов жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еркін күрестен 74 келі салмақта сынға түскен Қайпанов бірінші айналымда тәжікстандық Виктор Рассадиннен 1:4 есебімен ұтылды.

57 келідегі Рахат Қалжан 1/8 айналымда румыниялық Разван Ковачты 10:0 есебімен жеңді.

Қалжанның ширек финалдағы қарсыласы - Азия чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, иранлдық Алиреза Сарлак.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;