русский язык
Единоборства

Стамбулдағы іріктеу сынында Рахат Қалжан алғашқы қарсыласын жеңді

Стамбулдағы іріктеу сынында Рахат Қалжан алғашқы қарсыласын жеңді

Стамбулда (Түркия) өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде еркін күрес шеберлерінің бәсекесі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

57 келі салмақта сынға түсіп жатқан Рахат Қалжан алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. Ол түркменстандық Кабе Матжановты 10:0 есебімен ұтты.

Рахаттың келесі қарсыласы - румыниялық Разван Ковач.

Айта кетелік, еркін күрестен Қазақстан құрамасы 57, 65 және 74 келі салмақ дәрежелерінде жолдамаға таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;