русский язык
Дзюдо

Елдос Сметов Астанадағы турнирден соң мәлімдеме жасады

Елдос Сметов Астанадағы турнирден соң мәлімдеме жасады

Астанадағы Grand Slam турнирінде қола жүлде атанған Елдос Сметов барша жанкүйерге алғысын айтып, елордадағы турнирді қорытындылады, деп жазады Olympic.kz.

"Астанада осыдан 9 жыл бұрын белдескен екенмін. Халықтың қолдауын сағынып қалыппын. Белдесу басталғаннан-ақ бұл өз жерім екенін, бұл жерде өзім қожайын екенімді сезіндім. Алтын болып, әнұран шырқалғанда, тіпті, тамаша болар еді.

Десе де, бұл медальдің да бағасы ерекше. Өз күресімді тауып, бабыма еніп келе жатырмын. Маған өз мақсатыма жету үшін ештеңе де кедергі емес.

Өздеріңіз білесіздер, әлемде қандай жарыс болса, бәрін ұттым. Олимпиада алтыны ғана қалды. Олимпиаданың алтынынан екі жағынан да көріп шықтым. Енді, тек алу ғана қалды.

Біздің салмақта ел ішіндегі бәселестік те жоғары. Бұл жағдай қуантады. 60 келіде ғана емес, барлық салмақта осындай бәсекелестік болса, нұр үстіне нұр болар еді.

Осы жеңісімді бес ай бұрын дүниеге келген сәбиіме және жеңіс күні қарсаңында туған күнін атап өткен анама арнаймын", - деді Сметов.

Елдос Сметов Астанадағы Grand Slam турнирінің кіші финалында әзербайжандық қарсыласын жеңді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;