Асу Алмабаев UFC-дегі үшінші жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды (фото)
![Асу Алмабаев UFC-дегі үшінші жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды (фото)](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/472_a70dbdb259ff23ace3d814e9109daf81.webp?v=28670127)
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC промоушеніндегі үшінші жекпе-жегі алдында дайындық лагерінен өту үшін АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық файтердің келесі қарсыласы америкалық Хосе Джонсон болмақ. Оның кәсіпқой ММА-дағы рекорды 16-8. Аралас жекпе-жек шеберлері 15 маусым АҚШ-та UFC Vegas 93 турнирінде кездеседі.
"Біздің команданың жауынгері Асу Алмабаев Kill Cliff залында оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін АҚШ-қа ұшып кетті", - деп хабарлады жауынгердің командасы.
Айта кетейік, тағы бір қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов та дайындық жиындарын Kill Cliff жаттығу залында өткізеді. Алмабаевтың ММА-дағы қазіргі рекорды – 19 жеңіс және 2 жеңіліс.
Соңғы жекпе-жекте қазақстандық файтер төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіммен Си Джей Вергарадан басым түсті.