русский язык
Единоборства

Астанадағы Grand Slam: Екі дзюдошымыз жарысты аяқтады

Астанадағы Grand Slam: Екі дзюдошымыз жарысты аяқтады

Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі басталып, спортшылар алғашқы жекпе-жектерін өткізуде, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келі салмақта татамиге шыққан екі балуанымыз жеңіліс тапты.

Шерзод Давлатов бірінші айналымда моңғолиялық Нямсуреенге жол берсе, Дәурен Сүйеукенов әзербайжандық Ахмад Юсифовтен ұтылған.

Бұл салмақта тағы екі балуанымыз ел намысын қорғап жатыр. Олар - Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин.

Ал 66 келідегі Жанарыс Рахметқали келесі кезеңге жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;