русский язык
Единоборства

Қазақстандық каратэшілер Орталық Азия чемпионатында үздік атанды

Қазақстандық каратэшілер Орталық Азия чемпионатында үздік атанды

Қазақстандық каратэшілер Орталық Азия чемпионатында үздік атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4-6 мамыр күндері Самарқанд қаласында (Өзбекстан) WKF каратэден IX Орталық Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 6 елден 1000-нан астам спортшы қатысты.

Додада 10 жастан бастап ересектерге дейін ката және кумитэден жүлделер сарапқа салынды.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орын алды.

1. Қазақстан алтын - 39, күміс - 30, қола - 47
2. Өзбекстан алтын - 22, күміс - 29, қола - 58
3. Түрікменстан алтын - 6, күміс - 7, қола - 20
4. Қырғызстан алтын - 4, күміс - 2, қола - 8
5. Иран алтын - 3, күміс - 3, қола - 6
6. Тәжікстан - алтын - 0, күміс -1, қола - 0

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;