Футзалдан Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі орны белгілі болды
![Футзалдан Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі орны белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/472_4b840d603ed24354ad3d2d6d22b1539b.jpg?v=28666757)
Футзалдан Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі орны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасы 1422 ұпаймен 8-орынға тұрақтады. Бірінші орында Бразилия құрамасы (1568 ұпай), екінші орында Португалия (1527 ұпай), үшінші орында Испания (1514) құрамасы орналасқан.
Рейтингте 7-орында 1425 ұпаймен Ресей құрамасы тұр. Өзбекстан (1288 ұпай) мен Украина (1271 ұпай) 11 және 12-орындарда.
Еске слайық, биыл 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда әлем чемпионаты өтеді.