Qazaqstan Hockey Open турнирі: Қазақстан - Ресей (U-25) матчының тікелей трансляциясы
![Qazaqstan Hockey Open турнирі: Қазақстан - Ресей (U-25) матчының тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/201736_c9c798356364cf4e467b3b7547bf4738.webp?v=28701988)
Астанада Qazaqstan Hockey Open 2024 халықаралық хоккей турнирі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін Қазақстан құрамасы Ресей құрамасымен (U25) кездеседі.
Тікелей эфир Астана уақытымен 19:30-да басталады. Оны Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Айта кетейік, турнир 2-11 мамыр аралығында Омбы, Тула, Астана және Минск қалаларында өтеді. Qazaqstan Hockey Open турнирі 2-4 мамыр аралығында Қазақстанның астанасында өтеді.