ЧЛ: «Бавария» мен «Реал» жартылай финалдың бірінші матчында жеңімпаз анықтай алмады
![ЧЛ: «Бавария» мен «Реал» жартылай финалдың бірінші матчында жеңімпаз анықтай алмады](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/203991_28bd00a4c6663d4fde470e371e0a4421.jpg?v=28670257)
Чемпиондар лигасының 2023/24 маусымының 1/2 финалының алғашқы матчында «Бавария» мен «Реал» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Альянц Аренада өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.
Алаң иелері сапында Лерой Сане мен Харри Кейн бір голдан соқты (пенальтиден), Винисиус Джуниор қонақтар сапында дубль авторы атанды.
Реал Мадрид пен Бавария арасындағы қарымта ойын 8 мамырда өтеді.