русский язык
Теннис

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Францияда өткен турнирде үшінші орын алды

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Францияда өткен турнирде үшінші орын алды

Мец қаласында (Франция) үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

19 жасқа дейінгі жас санатында қазақстандық Алан Құрманғалиев үшінші орын алды.

Жарыс аясында ол Иван Кан (Нидерланды), Ронд Брент (Нидерланды), Назар Солодкий (Украина), Вим Вердоншотты (Германия) ұтты.

Жартылай финалда Алан жапониялық теннисші Юхи Сакайдан 1:3 есебімен жеңіліп, қола медаль иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;