Қазақстандық теннисші Чехиядағы турнирдің финалына шыға алмады
![Қазақстандық теннисші Чехиядағы турнирдің финалына шыға алмады](https://prosports.kz/upload/news/content//202404/472_02e75686adcf721d51a525297f4654a8.webp?v=28667913)
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Остравада (Чехия) өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші Германия өкілі Анри Сквайрмен кездесті. Кездесу 3-6, 4-6 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, 1/4 финалдағы Тимофейдің қарсыласы Зденек Коларш турнирде өнер көрсетуден бас тартқан болатын.
Фото: Андрей Ударцев