русский язык
Единоборства

Дзюдодан АЧ-2024: Қазақстанның төрт татами шебері қола медальға таласады

Дзюдодан АЧ-2024: Қазақстанның төрт татами шебері қола медальға таласады
Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші жарыс күнінде қазақстандықтар финалға шыға алған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 48 келідегі Абиба Әбужақынова, 60 келідегі Нұрқанат Серікбаев, 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев пен Жанарыс Рахметқали турнирдің жартылай финалында жеңілді.

Енді олар Азия біріншілігінің қола жүлдесіне таласады.

Ал Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов ширек финалда жапониялық Тайки Накамурадан шидо саны бойынша ұтылып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;