Артур Казо Барселонада алған жарақатын көрсетті. Фото
![Артур Казо Барселонада алған жарақатын көрсетті. Фото](https://prosports.kz/upload/news/content//202404/472_0d3e8c0f0eb9d137d96e6df52c57e918.jpg?v=1713199438947?v=28701999)
Әлемнің 75-ракеткасы, франциялық Артур Казо Барселонада АТР-500 турнирінде жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол алғашқы матчында италиялық Маттео Арнальдимен кездескен. Бірінші сетте 5:5 болып тұрғанда Казо жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады.
Артур матчтан кейін ауыр жарақатының суретін жариялады, ол жақтан аяғы қатты ісіп кеткенін байқауға болады. Теннисші кортқа қашан оралатыны белгісіз.