русский язык
Теннис

Недовесов Румыниядағы турнирдің ширек финалына шықты

Недовесов Румыниядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстанның теннисші Александр Недовесов Румыния астанасы Бухарестте өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз португалиялық Франсиско Кабралмен бірге сербиялық Никола Качич/Момир Кечманович жұбын екі сетте 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 12 минутқа созылды.

Айта кетейік, Недовесов бір апта бұрын эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге Эшторилде (Португалия) өткен турнирде топ жарған болатын. Финалда олар С.Думбия (Франция)/Ф.Ребул (Франция) жұбын 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;