Валерий Рахымжан нысана көздеуден Әлем Кубогында 5-орын алды
![Валерий Рахымжан нысана көздеуден Әлем Кубогында 5-орын алды](https://prosports.kz/upload/news/content//202404/201131_0595da66826897005f90a5c21b2ca266.jpg?v=28666807)
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан лицензиялық Әлем Кубогының кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Валерий Рахымжан финалға шығып, 5-сатыдан көрінді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Валерий 10 метрден тапаншамен нысана көздеудің ақтық сынында 176 ұпай жинап, 8 мергеннің арасында бесінші болды. Өкінішке қарай, ол Олимпиада лицензиясына қол жеткізе алмады. Жүлде Италия, Беларусь және Германия спортшысына бұйырды.
Іріктеуде отандасымыз 584 балл алып, 4-орынмен финалға шыққан.
Айта кетейік, Бразилиядағы Әлем Кубогында 76 мемлекеттен келген 466 спортшы шеберлік байқасып жатыр.