Рыбакинаның Германиядағы турнирде кіммен кездесетіні белгілі болды
![Рыбакинаның Германиядағы турнирде кіммен кездесетіні белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202404/201736_8258da2b96357a53465d624c9d0db09a.webp?v=28702236)
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның (WTA рейтингінде 4 орын) Штутгарттағы (Германия) Porsche Tennis Grand Prix турниріндегі алғашқы кездесуінде кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакина екінші айналымнан бастап, Вероника Кудерметова (19-орын, Ресей) - Барбора Крейчикова (24-орын, Чехия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.
Штутгарттағы турнир 15 сәуірде басталады. Турнирдің жүлде қоры 802 237 еуро. Байқау жеңімпазы 123 480 еуро алады.
Қазіргі чемпион – поляк теннисшісі Ига Швентек (1-орын): былтыр финалда беларусьтік теннисші Арина Сабаленканы (2-орын) ұтты – 6:3, 6:4.