Ел кубогы: 1/8 финалдың алғашқы матчтарының тікелей трансляциясы
![Ел кубогы: 1/8 финалдың алғашқы матчтарының тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202404/203991_cba182bf14087df896bce517fbe2381c.jpg?v=28702220)
Бүгін 2024 жылғы Қазақстан кубогының 1/8 финалының алғашқы ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сағат 14:00-де «Оңтүстік» - «Қызылжар» және «Тараз» - «Ордабасы» ойындары басталса, 16:00-де «Ақтөбе» - «Жетісу» және «Елімай» - «Шахтер» алаңға шығады.
Матчтар QFL TV YouTube арнасында, сонымен қатар Q Football және Q Sport телеарналарында тікелей көрсетіледі.