русский язык
Әлем футболы

Зайнутдинов биылғы маусымда төртінші рет «Бешикташта» бас бапкерсіз қалды

Зайнутдинов биылғы маусымда төртінші рет «Бешикташта» бас бапкерсіз қалды

«Бешикташ» басшылығы Түркия чемпионатының 32-туры аясындағы матчта «Самсунспормен» (1:1) тең түскен соң команданың бас бапкері Фернанду Сантушты қызметінен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз Фернанду Сантушқа қызметтері үшін алғыс айтамыз және оған болашақта сәттілік тілейміз. Сердар Топрактепе маусымның соңына дейін команданың жаттықтырушысы болады», - деп жазды Бешикташтың баспасөз қызметі.

Биылғы маусымда «Бешикташ» төртінші рет бапкер ауыстыруда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;