«Билли Джин Кинг кубогы»: Қазақстан құрамасы Жапониядан жеңілді
12 сәуірде Токиода басталған Билли Жан Кинг кубогында Қазақстан құрамасының екінші ракеткасы Юлия Путинцева Жапонияға қарсы үшінші кездесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемнің 50-ракеткасы Путинцева мен жапониялық теннисшінің (79-ракетка) кездесуі 4:6, 6:3, 6:7 (7:9) есебімен аяқталды.
Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды.
Осылайша, Жапония құрамасы Қазақстанды мерзімінен бұрын жеңіді.