Сауд Арабиясында жанкүйер алаңдағы футболшыны қамшымен ұрды
![Сауд Арабиясында жанкүйер алаңдағы футболшыны қамшымен ұрды](https://prosports.kz/upload/news/content//202404/201131_fc92608b568d23263e7a060ab526a643.jpg?v=28687579)
«Әл-Хилял» футбол клубының жанкүйері «Әл-Иттихад» командасының ойыншысын қамшымен ұрды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Футболдан Сауд Арабиясы Суперкубогының финалында «Әл-Хилял» мен «Әл-Иттихад» командалары кездескен еді.
Бұл ойында 4:1 есебімен «Әл-Хиляль» жеңіп, Суперкубокты ұтып алды. Матч аяқталған соң алаңнан шығып бара жатқан «Әл-Иттихадтың» футболшысы Абдерразак Амдаллаға «Әл-Хилялдің» жанкүйері тіл тигізе бастаған.
Абдрерразак оған су шашса, жанкүйер футболшыны екі рет қамшымен ұрып жіберді.