русский язык
Теннис

Танымал қазақстандық теннисші «Билли Джин Кинг кубогында» командаға көмектесе алмайды. Себебі белгілі

Танымал қазақстандық теннисші «Билли Джин Кинг кубогында» командаға көмектесе алмайды. Себебі белгілі

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев Зарина Диястың Жапонияға қарсы «Билли Джин Кинг» кубогы іріктеу кезеңінің бірінші жарыс күнінде неліктен өнер көрсете алмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өздеріңіз білесіздер, Зарина жарақатына байланысты екі жылдай ойнамады. Бұл әлі де оған жүз пайыз өнер көрсетуге кедергі келтіреді. Осыған қарамастан Зарина Токиоға стартқа он күн қалғанда арнайы келіп, жаттығып, қызу жұмыс істеп жатыр. Ұлттық құрамадағы ойындар ол үшін әрқашан ерекше болды. Өздеріңіз білетіндей, команда капитандары әр ойын басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей ойыншыны ауыстыруға құқылы. Сондықтан көреміз!», - деді Досқараев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;