русский язык
Әлем футболы

«Нюкасл» футболшысының үйіне ұры түсіп, көлігін алып кеткен

«Нюкасл» футболшысының үйіне ұры түсіп, көлігін алып кеткен

Англиялық «Нюкасл» футбол клубының ойыншысы Александр Исак сапарда болғанда оның үйіне ұрылар түскен, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

The Sun мәліметінше, оқиға «Нюкасл» клубының «Фулхэмге» қарсы ойынына дейін болған. Ұрылар үйге артқы есіктен кірген. Сол уақытта үйде кім болғаны белгісіз. Полиция футболшының көлігі ұрланғанын, бірақ кейін үйге жақын маңнан табылғанын мәлімдеді.

Әзірге ұрылар қолға түспегені де хабарланды. Осыдан үш ай бұрын Исактың командаласы Жоэлинтонның да үйі тоналған еді. Оның жекежайы Исактың үйіне жақын жерде орналасқан.

Айта кетейік, 6 сәуірде Англия Премьер лигасының 32-туры аясында «Нюкасл» футбол клубы «Фулхэмге» қарсы ойнады. Бұл матчта «Нюкасл» 1:0 есебімен жеңді. Қазір турнир кестесінде «Фулхэм» 39 ұпаймен 13-орында, ал «Нюкасл» 47 ұпаймен 8-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;