русский язык
Теннис

Александр Недовесов Португалияда ATP 250 турнирінің чемпионы атанды

Александр Недовесов Португалияда ATP 250 турнирінің чемпионы атанды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Недовесов Эшторил (Португалия) ATP 250 турнирінде топ жарды.

Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген еді.
Қазақстандық-эквадорлық дуэт финалда доданың 2-ракеткалары, франциялықтар Садио Думбия – Фабьен Ребулмен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда Недовесов – Эскобар екі рет брейк жасап, алға шыққанымен, қарсыластары таразы басын теңестіріп отырды. Дегенмен есеп 5:5 болған мезетте тағы бір брейкке қол жеткізген Александр мен Гонсало өз геймін де ала білді – 7:5.

Екінші сетте олар 5:1 есебімен алға кетті. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндіктерін жіберген жоқ – 6:2.

Бір сағат 40 минутқа созылған матчта А.Недовесов – Г.Эскобар 1 эйспен бірге 17 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Франциялық дуэт 1 эйс, 2 брейктен (13 брейк-пойнт) аса алмады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;