русский язык
Теннис

Недовесов Португалияда жарыстың 1-ракеткасын жеңіп, финалға шықты

Недовесов Португалияда жарыстың 1-ракеткасын жеңіп, финалға шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Недовесов сенсация жасап, Эшторил (Португалия) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды.

Отандасымыз эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда жарыстың бірінші ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле – Йоран Флигенді жолда қалдырды.

Қазақстандық-эквадорлық дуэт 1 сағат 10 минутқа созылған бәсекеде азулы қарсыластарын 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Олар 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Бельгиялықтар 2 эйспен шектелді.

Александр мен Гонсалоның финалдағы қарсыластары кейін анықталады. Соңғы бәсеке 7 сәуірге белгіленген.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;