русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші Эсторилдегі турнирдің жұптық сынында финалға шықты

Қазақстандық теннисші Эсторилдегі турнирдің жұптық сынында финалға шықты

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен жұптасып, Эсторилде (Португалия) өтіп жатқан халықаралық турнирдің жұптық сынында финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалдық кездесуде Недовесов/Эскобар жұбы С.Жилле (Бельгия)/Й.Флиген (Бельгия) дуэтін 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 11 минутқа созылды.

Турнирдің финалында Қазақстан-Эквадор дуэті С.Думбиа/Ф.Ребуль - С.Вайссборн/Р.Арнеодо кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;