русский язык
Теннис

Недовесов Португалиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Недовесов Португалиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстанның жұптық сайыстағы ең үздік теннисшісі Александр Недовесов Эшторилде (Португалия) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен бірге Недовесов екі сетте Петр Ноуза (Чехия) / Виктор Влад Корнеа (Румыния) дуэтінен 7-6 (8-6), 7-6 (6-0) есебімен басым түсті.

Еске сала кетейік, 1/8 финал кезеңінде Недовесов пен Эскобар Педро Мартинес (Испания)/Педро Качен (Аргентина) дуэтімен кездесіп, 6-3, 6-2 есебімен ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;