Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарысты ширек финалда жалғастырады
![Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарысты ширек финалда жалғастырады](https://prosports.kz/upload/news/content//202404/201131_75ecc8003977bb9cb896c529f3f57044.webp?v=28688904)
Қазақстандық, әлемнің 201-ракеткасы, 23 жастағы Бейбіт Жұқаев Мехико (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Жарыстың 5-ракеткасы Б.Жұқаев екінші айналымда рейтингіде 685-сатыда тұрған мексикалық, 18 жастағы Родриго Пачеко Мендеспен бетпе-бет келді.
Бұл жолы Бейбіт 1 сағат 13 минутқа созылған матчта қарсыласынан 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды. Жұқаев осы уақыт ішінде 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып үлгерді. Корт иесі 2 эйспен шектелді.
Бейбіт алғашқы ойында 19 эйспен көзге түскен еді.
Б.Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 212-ракеткасы, канадалық Алексис Галарномен сынға түседі.