Қуат Хамитовтің жекпе-жегі басқа күнге ауысты
![Қуат Хамитовтің жекпе-жегі басқа күнге ауысты](https://prosports.kz/upload/news/content//202404/201131_d01178365718a8754bcd63e0477e7fc9.webp?v=28701872)
Қазақстандық MMA шебері Қуат Хамитов пен ресейлік файтер Александр Шлеменко арасындағы жекпе-жек басқа күнге ауысты.
RCC 19 халықаралық турнирі 11 мамырда Екатеринбургта өтетін болды. Турнирдің басты оқиғасы – Александр Шлеменко мен Қуат Хамитов арасындағы жекпе-жек.
39 жастағы Шлеменконың есебінде 63 жеңіс пен 15 жеңіліс бар. Ол соңғы кездесуінде сербиялық файтер Александар Иличтен бірінші раундта техникалық нокаутпен басым түсті.
Қуат Хамитов мансабында 24 рет жеңіске жетіп, 8 рет жеңілген, 1 кездесуі тең аяқталған. Ол соңғы рет октагонға 2023 жылы мамыр айында шығып, Ресей өкілі Залимхан Юсуповты ұтқан еді.