русский язык
Шахмат

Жансая Әбдімәлік спорттық мансабын аяқтауға қатысты ойын айтты

Жансая Әбдімәлік спорттық мансабын аяқтауға қатысты ойын айтты

Танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік мансабын қашан аяқтайтыны және әріптесі Бибісара Асаубаевамен қарым-қатынасы туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін 20 жастағы блиц бойынша әлем чемпионы Асаубаеваға KazChess Awards марапаттау рәсімінде қомақты сыйақы табысталған еді. Ал оның әріптесі мансабын аяқтауы мүмкін екенін айтты.

“Биыл турнирге қатысу жоспарымда жоқ. Маусымды өткізетін шығармын. Бірақ әзірге мансабымды аяқтау туралы нақты шешімге келген жоқпын”, – деді Әбдімәлік Sportplustv-ға берген сұхбатында.

Жансая қатысқан кейінгі жарыс 2023 жылғы күзде болды. Сол кезде Әбдімәлік Асаубаевамен бірге Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарына қатысты. Асаубаева бесінші орын алса, Әбдімәлік сегізінші қатарға тұрақтаған еді.

“Бибісарамен араласпаймын. Қарым-қатынасымыз бұрын қалай болса, сол күйінде қалды”, – деп толықтырды ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;