русский язык
Бокс

Бокс федерациясы Төрешілер алқасының төрағасын ауыстырды

Бокс федерациясы Төрешілер алқасының төрағасын ауыстырды

Қазақстан бокс федерациясы Төрешілер алқасының төрағасы алмасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Қайрат Жұманқұловтың орнына Дінмұхамед Абайхан тағайындалды.

Дінмұхамед Абайханұлы 2012 жылдан бастап бокстан төрешілік қызмет атқарады.

2023 жылдан бастап Халықаралық дәрежедегі ІВА-ның 2 жұлдызды төрешісі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада өтетін бокстан спаррингтік турнирге қатысатын боксшылардың тізіміне өзгеріс енгізілгенін хабарлаған болатынбыз. Атап айтсақ, қыздар арасындағы тізімге тағы екі боксшы қосылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;