русский язык

«Ақтөбеде» талай сынға қалған шабуылшы өзіңе жаңа клуб тапты

«Ақтөбеде» талай сынға қалған шабуылшы өзіңе жаңа клуб тапты

Ақтөбенің бұрынғы шабуылшысы ресейлік Роман Изотов енді қырғыздың «Мурас Юнайтед» футбол клубында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы футболшы жаңа командасымен осы жылдың соңына дейін келісімшартқа отырды.

Изотов «Ақтөбемен» өткен маусымның ортасында қосылып, Қазақстан Премьер-Лигасының екі матчына негізгі құрам сапында қатысып, Бірінші лигада жастар құрамасы сапында жеті ойында алты гол соққан.

Жанкүйерлер Изотовтың трансферін жиі сынға алды, ал бұрынғы ақтөбелік директор Куленко ресейлік шабуылшыны сатып алу оның клуб құрылымда жұмыс істеген кезіндегі ең үлкен қателігі екенін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;