русский язык
Әлем футболы

Зидан Франция құрамасын басқарғысы келеді

Зидан Франция құрамасын басқарғысы келеді

Зинедин Зидан Франция құрамасын басқаруды армандайды. Бұл маманды бапкерлікке оралуға итермелейтін жалғыз нәрсе, деп хабарлайды Prosports.kz.

Зидан барлық клубтардың, оның ішінде ПСЖ-ның барлық ұсынысынан бас тартқан болатын.

Француз Испаниядан тұрақты түрде кеткісі келмейтіні айтылған. Франция құрамасында жұмыс істеу оған Мадридте тұруға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 51 жастағы француз 2021 жылдың жазынан бері жұмыссыз, ол "Реал Мадридпен" Испания Суперкубогын (2017/2018, 2019/2020), Ла Лиганы (2016/2017), Клубтар арасындағы әлем чемпионатын (2016/2017, 2017/2018), УЕФА суперкубогын (2016/2017, 2017/2018) және Чемпиондар лигасын (2015/2016, 2016/2017, 2017/) жеңіп алған.

Алдағы Еуропа чемпионаты Зиданның бапкерлік болашағы үшін маңызды болады. Егер Франция құрамасы еурода нашар өнер көрсетсе, Дидье Дешаммен 2026 жылдың жазына дейін есептелген келісімшарты мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;