WTA-да жылдың ең ұзақ кездесуі өтті
![WTA-да жылдың ең ұзақ кездесуі өтті](https://prosports.kz/upload/news/content//202404/201736_7dc39913eed098c6c87c5bc611317996.webp?v=28686020)
Әлемнің 110-ракеткасы, америкалық Кэти Волынец Чарлстондағы турнирдің бірінші айналымында Нидерланды теннисшісі Аранчу Русты 6:2, 6:7 (6), 7:6 (6) есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айта кетейік, кездесу 3 сағат 43 минутқа созылып, бұл WTA-дағы жылдың ең ұзақ ойыны болды.
Чарлстондағы турнир 1-7 сәуір аралығында өтеді. Әйелдер арасындағы жекелей сында жалпы жүлде қоры 922 мың доллар.