русский язык
Теннис

Хорватияда өтетін турнирде алты қазақстандық өнер көрсетеді

Хорватияда өтетін турнирде алты қазақстандық өнер көрсетеді

Вараждин қаласында (Хорватия) үстел теннисінен WTT Feeder турнирі өтеді, оған Қазақстан құрамасының алты теннисшісі қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде барлығы 232 қатысушы өнер көрсетеді. Оның ішінде 12 спортшы әлемдік рейтингтің үздік 50-лігіне кіреді, Және Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименкода бар (37).

Кириллмен бірге Хорватияда Қазақстан атынан Дастан мен Айдос Кенжіғұловтар, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Миркадирова және Анастасия Лаврова қатысады.

Турнирдің алғашқы матчтары 2 сәуірде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;