русский язык
ММА

UFC-дің үздік файтері Рахмоновпен жекпе-жек өткізгісі келеді

UFC-дің үздік файтері Рахмоновпен жекпе-жек өткізгісі келеді

Аустралиялық UFC файтері Джек Делла Маддалена қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізгісі келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл жекпе-жекті көптен бері ойлап жүрмін. Меніңше, енді белбеу үшін Леон Эдвардс пен Белал Мұхаммад таласады. Бұл маған Шавкатпен жұдырықтасуға тамаша мүмкіндік береді. Бұл көптен бері армандаған жекпе-жек. Маған оның стилі ұнайды. Ол дивизиондағы ең үздік файтер және бұл жекпе-жек қиын болады деп ойлаймын.

Маған сейсенбіде ота жасалды. Менің ойымша, 12 аптадан кейін қалыпыма келе аламын. Шавкаттың да жарақаты бар деп естідім, бірақ ол тамызға дейін дайын болуы керек, сондықтан біз бір қайықтамыз. Немесе, Шавкат дайын болмаса, Камару Усманмен жекпе-жек» өткізуге болады, - деп келтіреді Sport Bible порталы Маддаленаның сөзін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;