русский язык
Әлем футболы

Марокко әлемдегі ең үлкен футбол стадионын салуды жоспарлап отыр

Марокко әлемдегі ең үлкен футбол стадионын салуды жоспарлап отыр

Алдағы жылдары Марокко әлемдегі ең үлкен футбол стадионын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап.

Сыйымдылығы 115 мың көрерменге арналған арена Касабланка маңында – небәрі 13 мың адам тұратын Эль-Мансурияда салынады деп жоспарланып отыр.

Стадион 2030 жылы Марокко қабылдайтын әлем чемпионатына арналып салынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, арена құрылысына 450 миллион еуро қажет болады. Құрылыс 2028 жылға дейін аяқталуы тиіс.

Қазіргі уақытта әлемдегі ең үлкен ашық стадион Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласындағы арена болып табылады. Бірінші мамыр стадионы 114 мың көрерменді қабылдай алады, дегенмен бұл елде әлем чемпионаты матчтарын елестету қиын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;