русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші жұптық сында Жиронадағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші жұптық сында Жиронадағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық Александр Недовесов эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге Жиронадағы (Испания) халықаралық турнирдің жұптық сында финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалдық кездесуде Недовесов/Эскобар жұбы С.Арендс (Нидерланды)/М.Мидделкуп (Нидерланды) дуэтін 6:3, 1:6, 10:4 есебімен ұтты.

Матч 1 сағат 9 минутқа созылды.

Турнирдің финалында Қазақстан-Эквадор дуэті Дж.Эйсерич (Франция)/А.Оливетти (Франция) жұбына қарсы ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;