русский язык
ММА

Мохаммад Мокаев даулы мәлімдеме жасады

Мохаммад Мокаев даулы мәлімдеме жасады

UFC-де аса жеңіл салмақтағы ұлыбританиялық файтер Мохаммад Мокаев ұйымның жеңіл салмақтағы титул иегері америкалық Шон О'Мэллимен жекпе-жек өткізгісі келеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Fightnews.info сайтына сілтеме жасап.

«Мен онымен жүз пайыз жекпе-жек өткіземін. Шон О'Мэллимен төбелесемін. Дәл қазір менің салмағым 155 фунт, ал жекпе-жекке шыққанда салмағым 125 болады. Жеңіл салмақта жақсырақ өнер көрсете аламын деп ойлаймын.

Маған салмақ қуу сәт сайын қиын болып бара жатыр, соған қарамастан аса жеңіл салмақта титул иеленбекпін. Осы салмақта жекпе-жек өткізіп бастадым, осы салмақта ісімді аяқтаймын», - деді Мокаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;