русский язык
Әлем футболы

АПЛ Даңқ залына кіруге үміткер 15 футболшының есімі белгілі болды

АПЛ Даңқ залына кіруге үміткер 15 футболшының есімі белгілі болды

Англия Премьер-лигасы 2024 жылы АПЛ Даңқ залына енуге үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

25 наурызда АПЛ «Арсенал» мен «Челсидің» бұрынғы қорғаушысы Эшли Коул Даңқ залына енгені хабарланған.

Енді тізімдегі 15 футболшының ішінен тағы екеуі Даңқ залына қосылады, оларды жанкүйерлер таңдайды. Тізім мынадай: Сол Кэмпбелл, Майкл Каррик, Энди Коул, Джермейн Дефо, Сеск Фабрегас, Лес Фердинанд, Робби Фаулер, Эден Азар, Гари Невилл, Майкл Оуэн, Давид Сильва, Джон Терри, Яя Туре, Эдвин ван дер Сар, Неманья Видич.

Дауыс беру 8 сәуірге дейін жалғасады. АПЛ сайтында дауыс беруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;